• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

"Бір ел - бір кітап" акциясы

"Бір ел - бір кітап" - 2015

2015 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы

 

Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)

 «Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық  айтқандық бола қоймас».

Нұрсұлтан Назарбаев

Өмірбаяны

Ілияс Есенберлин (10.01. 1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.  1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. 

І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сүлтан» поэмаларын жазды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын (1949) шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасын» (1957), «Біржан сал трагедиясы» дастанын (1959) жазды. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) повестері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971). «Алтын қүс» (1972). «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары қазақ әдебиетіне (прозаға) косылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді суреттеген шығарма ретінде танылды. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Қүйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.

 Ілияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. Мысалы, «Айқас» («Схватка», 1968); «Қатерлі өткел» («Опасная переправа», 1970); «Ғашықтар» («Влюбленные», 1970); «Қаһар» («Хан Кене», 1971); «Алмас қылыш» («Заговоренный меч», 1973). «Жанталас» («Отчаяние», 1974), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» («Прикрой своим щитом», 1974) деген атпен басылып шықты. «Ғашықтар» романы өзбек тілінде басылды. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. 

Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. 
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.

 «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді. 



Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ...

Жаңалыққа өту  

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ҚАЗҰЭК-сы kazneb.kz порталындағы электронды нұсқалары Поэзия ...

Жаңалыққа өту  

 Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат ...

Жаңалыққа өту  

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Дулат Бабатайұлы таңдалынды. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу